02 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №148

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 19 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы №645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Астана қаласындағы «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілері мен инфрақұрылымын салуға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы №645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 390-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтерде: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 1 Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары 22,68 »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын: « 1-1 Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясы 59,7 ». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.